Источник:
Мөлдір Әуелбекова "Құрмет" орденін алғанын дүркірете тойлаймын деп елдің сынына қалды. Марапатына қатты қуанған әнші жақындары үшін ұйымдастырған мерекелік кеште бидің түбін түсірген. Алайда, мәртебелі сыйға ие болған шоу-бизнес жұлдызының қылығы көпшілікке жақпай қалған деп жазады NUR.KZ.
Желіде Мөлдір Әуелбекованың жұлқына билеп жүрген видеосы тарап кеткен. Онда әнші би билеп, алған "Құрмет" орденін тойлап жатқаны көрініс тапты.
Анықталғандай, үлкен марапатқа ие болған жұлдыз өз жақындарына арнайы дастархан жайған. Мерекелік кештің бас жұлдызы да өзі болды. Әуелбекова жетістігіне қатты қуанса болу керек, би алаңынан шықпай қойған.
Әншінің бұл қылығы желідегілерге ұнамай қалған.
"Ерте алып қойды ма деймін?", "Не болды сонша есіріп билеп?", "Алыпты орден, енді қырық күн той жасайтын шығар", "Не мынау ? Марапат алып сонша шошаңдап билегені нес ? Өзін өзі ұстай алмай тұрғой мынау" деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың лезгинка билегені туралы жазған болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар .