Источник:
Отандық эстрада жұлдызы Кентал мысығы өліп қалған соң жаңа жылды тойлаудан бас тартқанын айтты. Әнші бұл туралы "Гу-гу-лет" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.
Cахна серісі, талай арудың арманына айналған Кентал жаңа жылды не себепті тойламауының басты себебін жайып салды. Бала кезінде мысығы өліп қалғанын жеткізген ол, тіпті, көзіне жас алды.
"Жаңа жыл деген жақсы мереке дейді ғой. Бірақ, мен ол мерекені қарсы алмаймын. Себебі, менің бала кезімде, жаңа жылда мысығым қайтыс болған. Содан бері тойламаймын. Бала кезде психикама әсер еткен", — деді Кентал.
Алайда әнші артынан бұл сөздердің әзіл екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Кенталдың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.