Источник:
Меруерт Түсіпбаева Роза Рымбаева дауысы жоқ деп сынға қалған Мейрамбек Бесбаевты жақтап шықты. Әнші әріптесін сынап тастаған халық әртісіне жауап берген деп жазады NUR.KZ.
Қоғамда қызу талқыланып жатқан Мейрамбек Бесбаев пен Роза Рымбаеваның дауына қатысты пікірін Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасы арқылы білдірген.
"Мейрамбек Бесбаевтың "Бозторғай" әнін орындағандағы керемет даусы дүйім жұртты естен тандырған. Сол кездері ол қазіргі таңдағы Димаш сияқты өз заманының феномені болған еді. Мейрамбек даусының диапазоны табиғатынан үш-төрт октаваны құрады. Алайда, дауысты қорғаудың қарапайым ережелерін сақтамау мен дауыс мутациясы кезінде (қажетсіз) ән айту оған өз залалын тигізді. Фонограммасыз, жанды дауыста көптеген концерттерді өткізу оның даусына кері әсерін тигізгені сөзсіз. Фонеатр мамандар дауыс мутиациясы кезінде ән айтпақ түгіл, сөйлемеуге кеңес береді. Олардың бірден-бір үлгісі — Робертино Лоретти. Меніңше, айтқаныммен патшаның өзі де келісетін сияқты" , — деп жазды Түсіпбаева.
Айта кетейік, бұғандейін Роза Рымбаеваның Мейрамбек Беспаевтың даусы жоқ екенін алайда оны құрмет тұтатынын айтқан еді. Көп кешікпей әнші халықты сабырға шақырып, өнердегі әпкесіне жауап берген.
Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева мен Мейрамбек Бесбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.