Источник:
Әнші Мадина Сәдуақасова Қызылорданың құрметті азаматы атанды. Бұл туралы әншінің өзінің Instagram парақшасында мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.
2018 жылы Қызылорда өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Осы орайда қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әншіге мерейтойлық медальді табыс еткен.
"Сыр елінің халқы тағы да өз ерке қыздарын биікке көтеріп, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Қызылорда қаласының "Құрметті азаматы" атағымен салтанатты түрде марапаттады!!! Туып өскен жеріңде осындай құрметке, сыйға бөленген бақыттың бақыты ғой шіркін!!!" , — деп қуанышымен бөлісті Мадина Сәдуақасова.
Естеріңізге сала кетейік, Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдай аласыздар.