Источник:
Мадина Сәдуақасова жақында ғана қызын дүниеге әкелген Маржан Арапбаеваны құттықтап қайтты. Әнші әріптесіне өз тілегін білдіру үшін перзентханаға барған деп жазады NUR.KZ.
Шоу-бизнес жұлдызы өнердегі құрбысын құттықтаған сәтін бейнекамераға таспалап, артынан бейнежазбаларды желіге жүктеген.
"Астанаға келе салысымен Маржикты құттықтауға роддомға келдім. Бөпе ұйықтап жатыр екен, қолыма алып едім, бірден көзін ашып жатыр. Сезімтал өзі балапан. Есімін білемін, бірақ ата -анасы бірінші айтқан дұрыс болар. Ерболқызының бауы берік болсын , ал қызды аңсап жүргендерге " жұғысты болсын"- деп тілеймін!" , — деп жазып қойған видеоның астына Сәдуақасова.
Желідегілер бір ауыздан арнайы бау берік болсын айту үшін барған Мадинаға өзінің жылы лебізін білдіріп, келесі рет қыз баланы босануға тілек білдірді.
"Қандай кең пейілді жансыз. Тамаша көрініс" , "Сізде қыз бала туыңыз" , "Жұғысты болсын сізге. Қыз бала туғыңыз келетін сияқты" , "Сіздің қыз босанғыңыз келетінін бірден байқауға болады", — деп жазуда көпшілік.
Естеріңізге сала кетейік, Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.