Источник:
Халықтың сүйіктісіне айналған атақты әнші Мақпал Жүнісова жас кезінде балалы болмауының себебін түсіндірді. Танымал әртіс бұл жайлы "Астана" телеарнасындағы "Сырласу" бағдарламасында айтып берген деп жазады NUR.KZ.
Әнші сол уақытта кездесіп жүрген жігіті басқаға үйленіп, ғашықтық дертімен 5 жылдай уақытын босқа өткізіп алғанын, сол үшін тұрмысқа кеш шыққанын айтып берді.
"Зәкең мені 26 жасымда қағып алып әкетті. Ол уақытқа дейін тұрмыста болмадым", -деді Жүнісова.
Халық әртісінің айтуынша, тұрмыс құрған соң өзінің денсаулығы сыр беріпті.
Сондай-ақ, бір-екі рет баласын түсіріп алғанын, бірнеше мәрте ота жасатқанын жеткізді.
Әншінің сөзінше, жас кезде айына 60 концерт берген көрінеді. Оған қоса, үкіметке жұмыс істеп, уақытты өткізіп алғанын да жасырмады.