Источник:
Мадина Сәдуақасова ұлының жаңа жылға сыйлық ретінде не сұрағанын айтып берді. Әнші баласы айтқан тізім ішіндегі кей затты әпере алмайтынын мәлім етті деп жазады NUR.KZ.
Анықталғандай, Сәдуақасованың ұлы мерекеге орай су жаңа айфон сыйлауын талап еткен. Алайда, жұлдызды ана баласының бұл сұранысын іске асырмайтынын айтты. Әнші оның қалауын қаржы есебінен емес, әлі ерте болғандықтан орындамайтын болып шешті.
"Аяз ата қандай сыйлық әкеліп берсін, Әнуар? "3D ручка , скритчер, Сафи деген садиктегі қызға қуыршақ, суда жүзетін теңіз жануарларын, пульты бар дәу теледидар және айфон, болды" деді балам. 3D ручка деген не? Скритчер ма , скретчер ма , не ол? Үйдегі телевизордың пульті жоғалып кеткен, қайта қайта кнопкаларын басып шаршаған ғой, жаным. Ол түсінікті, айфон ерте әлі деп ойлаймын, бірақ. Мен бүгін Алматыда осы нәрселерді іздеймін енді" , — деп жазған әнші.
Еске сала кетейік, Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің"Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар