Источник:
Әлеуметтік желіге бірге түскен суреттерін салған Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева елдің қызу талқысына түсті. Отбасылы әншілердің бұл ісін желі қолданушылары құп көрмеген деп жазады NUR.KZ.
Әріптесімен үйге жөндеу жұмысын жүргізген, ас ішкен сәттерінің суретін Нұржан Керменбаев Instagram парақшасына салған.
Алайда жұбайы мен балалары бар қос өнер иесінің бұл суреттеріне желідегілер жағымсыз пікірді қарша жаудырған.
"Отбасылы адамсыңдар ғой", "Мыналарың ұят екен", "Клипке өздерің түспей, жастарды түсіре салмадыңдар ма?".
"Өте ұят! Салтанаттың күйеуі қайда қарап отыр?", "Үйіңде әйелің күтіп отыр емес пе?", "Масқара!", "Ер адам түссе мейлі ғой. Бірақ өзге еркектің аузына тамақ салып отырған әйелін қалай қызғанбайды?".
"Арнау" тарады ма" деп сұрайсыздар. Бірге ән айтса, ренжисіздер", "Клиптің жұмыстары ғой" деп жарыса жазды.
Айта кетейік, әншілердің бұл суреттері клип түсіру жұмыстарында түсірілген.
Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.