Источник:
Мақпал Исабекова өзін уайымдайтын адамдардың көмегіне жүгінді. 30-дан асса да, әлі тұрмысқа шықпаған әнші көпшіліктен өзіне күйеу жігіт тауып беруді сұраған деп жазады NUR.KZ.
Шоу-бизнес жұлдызы өз ұсынысын Instagram парақшасында жазған.
"Мені уайымдамайды дейсіздер. Әрине, қатты алаңдаймын әлі тұрмысқа шықпағаныма. Сол себепті менің жалғыздығымды қатты уайымдайтын жандар, дереу бір ел болып, мемлекет болып мені ұзатыңдар енді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді дей ма? Әйтпесе мына түріммен мен жүре берем, жарымды тосып сарғайып" , — дейді әнші.
Мақпал Исабекованың бұл жазбасына қатысты желі оқырмандарының ойы екі жаққа бөлінді. Бірі жұлдыздың үндеуін қалжынға баласа, енді бірі оған өз тілегін жаудырған.
Кейбір оқырмандар тіпті әншіге қандай жігіттер ұнайтынын сұрап, көмектесуге әзір екенін білдіріп жатты.
Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Исабекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.