Источник:
Желіде Төреғали Төреәлінің Жанар Айжанованың қызын сүйіп алған видеосы тарап кетті. Бейнежазба оқырмандар арасында бірден қызу талқыға түскен. Көпшілік отбасылы әншінің бұл әрекетін сынап тастаған деп жазады NUR.KZ.
Аталмыш видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан жұлдыздардың Мөлдір Әуелбекованың "Құрмет" орденін тойлап жатқанын байқауға болады.
Көңілді кеш кезінде Төреғали Жанар Айжанованың қызы Айжұлдызды сүйіп алған. Ол сәтті бойжеткеннің өзі камераға түсіріп алған көрінеді.
Желі қолданушылар видеоға қатысты екі түрлі ой білдірген. Бірі отбасылы әншінің қылығын сынға алса, енді бірі екі жұлдыздың арасында ағалы-қарындасылы қарым-қатынас қалыптасқанын айтып әлек.
Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлінің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.