Источник:
Төреғали Төреәлі әйелімен құшақтасып түскен видеосын жариялаймын деп желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесінің қылығы біреулерге ұнап жатса, кейбірінің көңілінен мүлде шықпаған деп жазады NUR.KZ.
Төреғали әйелімен құшақтасып тұрған сәтін өзінің Instagram парақшасына жүктеген. Бейнежазбада әншінің сүйіктісімен кемеде келе жатқанын аңғаруға болады. Шоу-бизнес жұлдызы жұбайына тосыннан "құс болып, ұшсам қайтер едің?" деп сұрақ қойып, оны таңғалдырған.
Төреғали Төреәлінің видеосын көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оларды жарасымды жұп деп атап, оларға тәнті болған.
Ал қалған оқырмандар болса, әншінің жарына дөрекі сөйлегені жақпай қалған.
"Қандай әдемі жұп, бір-бірін сүйетіні көрініп-ақ тұр" , "Мүлде келіспеймін. Төреш тым дөрекі сөйлейді жарына"."Эй дегені несі, тым ерсі ғой", "Қандай тамаша көрініс, махаббаттарыңыз баянды болсын" деп жазуда көпшілік.
Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлінің әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар