Источник:
Артур Төлепов өзінің жарын жыланға теңеймін деп көпшіліктен оңбай сөз естіді. Актердің әйелін мазақ қылған видеосы желі оқырмандарының көңілінен шықпай қалған деп жазады NUR.KZ.
Артур Төлеповтың өзінің Instagram парақшасына жүктеген видеосы ғаламторда қызу талқыланды. Аталмыш бейнежазбада актер жыланды құшақтап тұрғаны көрініс тапты. Шоу-бизнес жұлдызы оны желі қолданушыларына өз әйелі ретінде таныстырған.
Жарын жыланға теңеген Артурдың бұл қылығы көпшілікке жақпай қалды. Оқырмандар әртіске қатысты кері пікірлерді жаудырып, оны сынға алып жатты.