Источник:
Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин желіде өзінің жалаңаш денесін көрсетемін деп көптің сынына ұшырады. Әнші бұл суретін өз Instagram парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.
Көптеген хит әндердің орындаушысы, талай қыздың жүрегін жаулаған Нұрболат Абдуллин киімсіз түскен суретін өз парақшасына еш жазбасыз жүктеп қойған.
Бұл фото бір тәулікке жетер-жетпес уақытта 15 мыңнан аса лүпіл (лайк) мен мыңнан аса пікір жинаған.
Ал мұны көрген желі қолданушылары ашуға булығып, әншінің өзгеріп кеткенін жарыса жазыпты.
Олар қазақ қыздарының кіндігін жаба алмай жатқанда ер-азаматтың мұндай суретін салуы ұят екенін жеткізген.
"Ұяттан кеткен, кіндігіңнің астын көрсетсей", "Жұлдыз ауруы ұстаған ғой", "Бұл ауру енді әншілерге өтті", "Салмақты, тәрбиелі ме деп ойласам", "Әй, көке, не көрінді?" "Шапан киіп алсаңшы", "Шырынбек", "Сәукеле жоқ, қызық емес", "НұрШырын", "Хайптың көкесі", "Ұят қой, еркелемеңіз", — деп жазған әншінің жазылушылары.
Айта кетейік, Нұрболат Абдуллиннің әндерін Музыка Нур қосымшасынан тыңдай аласыздар.