Источник:
Екінші сәбиіне аяғы ауыр Ақбота-Нұр Сейтмағамбет құрсағындағы нәрестенің өмірге келетін күнін дәл тапқан адамға 5000 бірлік сыйға тартатынын айтқан. Бұл туралы "КешYou" тобының бұрынғы мүшесі өз Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші баласының өмірге келетін күнін асыға күтіп жүрген сыңайлы.
"Алла бұйырған күні. Ботақаныммен қауышамын. Достар менің босану күнімді дәл тапқан жанға 5000 бірлік сыйға!", — деп жазған ол өз парақшасында.
Алайда, әншінің бұл жазбасы көпшіліктің көңілінен шықпай қалған көрінеді.
Себебі, оқырмандар әншінің парақашсында көптеген теріс пікірлер жазып қалдырған. Олардың бірі күн, айларды жазып жатса, енді бірі болжаудың мүлде қажет емес екенін айтқан.
"Алла бұйырған күні босанасың, Алладан ешкім оза алмайды", "Не керегі бар олай жар салып?", "Құдай біледі", "Бастысы, аман болсын" деп жазған олар.