Источник:
Елордада комедия театрын ашқан Тұрсынбек Қабатов ұятқа қалды. Белгілі журналист Гүлзина Бектасова танымал әзілкештің бастамасын сынап тастады деп жазады NUR.KZ.
Жаңадан ашылған комедия театрының қойылымына барған журналист уақытының құр босқа жоғалтқанын жеткізді.
Тұрсынбек Қабатовтың бастамасына қатысты ойын Гүлзина Бектасова Facebook парақшасына жариялаған.
"Кеше Астана комедия театры тұсауын кесті. Директоры – Тұрсынбек Қабатов. Комедия театры болғасын, комедия көрейік деп барғанбыз. Майкл Фрейннің әйгілі "Сахна сыртындағы шу" пьесасының желісі бойынша "Театр 180" спектаклін сахналаған екен.
Шынымды айтсам, спектакль біткенше, "күлкіден" жарылып кете жаздадым. Комедия көруге кеткен уақытымды аядым.
Қазіргі жастардың тілі нашар, бір сөзін ұқпайсың. Не дауыс жоқ. Құр шабылып жүгіргеннен әртістердің өзі де шаршамай ма екен осы? Ех дейсің" , — деп жазды журналист.