Источник:
Жеңіс Ысқақова отбасында болып жатқан оқиғалармен бөлісіп, өзін ренжіткен адамдарды ашып айтты. Анықталғандай, бір жыл бұрын шаңырақ көтерген әншінің ұлы мен келіні, өзі жоқта ескертусіз бөлек шығып кеткен деп жазады 31 арнадағы " Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Бізде де бөлек кетіп қалды. Мен Астанада жұмыста жүргенде өздері бөлек кетіп қалды. Енді жарайды өздері біледі. Мен баламды тәрбиеледім. Ол өте тәртіпті және адамның көңіліне қарап қалған бала. Ал, келін өз анасының тәрбиесімен келді.Сондықтан мен өз заңымды тек қана ұлыма жүргіземін. Бірақ, мен оған "сүйсең бірге бола бер" деп айттым. Ең қызығы мен басқа қалада жүргенде еш рұқсатсыз кетіп қалып тұр ғой " , — деп ренішін жеткізді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс Ысқақованың ұлын келінінен қызғанатынын жазған болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, Жеңіс Ысқақованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.