Источник:
Алматыда орын алған жантүршігерлік жол апатында тірі қалып, ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған Айзада Сатыбалдиева есін жиді. Бұл хабарды Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады NUR.KZ.
Жол апатынан соң бірден жансақтау бөліміне жатқызылған Айзада Сатыбалдиева бүгін есін жиған. Қуанышты хабарды отандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева жеткізді.
Анықталғандай, Сатыбалдиева оның бірге оқыған курстасы болып шыққан. Бүгінде ауыр жағдайға тап болған танымал әнші жүрекжарды жазбасын арнап, қолдауын көрсеткен.
"Біздің курсымыздың сұлуы, таланттысы, ақиық Ақын Бақыт Беделxанның сүйген жары Айзада жаным Аллаға шүкір бүгін жансақтау бөлімінде есін жиды. Алла ұлық. Дұғадамыз жаным" , — деп жазған Иманбаева.
Айта кетейік, 29 желтоқсан күні таңғы уақытта орын алған жантүршігерлік жол апаты салдарынан отандық актриса Шолпан Елгезек қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы жалпы үш адамның өмірін жалмады.
Бүгін полицейлер жантүршігерлік жол апатына қатысы бар көлік жүргізушісін тұтқындады.
Еске сала кетейік, Айгүл Иманбаеваның әндерін біздің"Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар.