«Қолымнан бәрі келеді»: Мақпал Исабекова қандай келін болатынын айтып берді

Источник: nur.kz

Мақпал Исабекова болашақта қандай келін болатынын жасырмай айтты. "Түнгі студия" бағдарламасына сұхбат берген әнші өзін жер-көкке сыйғызбай мақтады деп жазады NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы келін болуға дайын екенін жеткізді. Мақпал Исабекова қолынан келетін жұмыстардың барлығын тікелей эфир кезінде тізіп берген.

"Менің негізі қолымнан келмейтін нәрсе жоқ қой. Мен бәрін істей аламын. Монша да, от та жаға аламын. Есік алдын сыпыру деген ең оңай мен үшін. Кез келген тамақ түрін жасай аламын. Мен шайды қалай құятынымды білсеңіздер ғой" , — деп мақтанды әнші.

Оған қоса, әнші болашақта отбасылық өмірін қалай елестететіні туралы да сыр шертті. Ол бес жылда бес баланы дүниеге әкелуге ниетті екенін айтты.

Добавить комментарий

Next Post

Фанаты в шоке: Ziruza спела совсем без музыки

Чт Дек 27 , 2018
Источник: nur.kz Известная Q-pop певица Ziruza записала свой популярный трек в стиле акапелла и объявила конкурс каверов на хит S.O.S. Девушка выложила в своем Instagram необычную версию песни: в ней совсем нет музыки, а все инструменты она записывала собственным голосом. Певица решила