Бүркіттің қарындасы өзінің неліктен «жезөкше» атанғанын түсіндірді

Источник: nur.kz

Әсел Асқар желіде шу тудырған видеосына қатысты пікір білдірді. Бүркіттің қарындасы жезөкше рөлін сомдағаны үшін өзін аяусыз сынға алғандарға жауап берді деп жазады NUR.KZ.

Актриса өз атынан ақша ойнатуына байланысты түсірілген жарнамалық бейнежазбасы үшін халықтың қаһарына ұшыраған. Видеода Әсел Асқар жеңіл жүрісті қыздың кейпіне еніп, оңай жолмен ақша табуды насихаттаған.

Бүркіт қарындасының бұл жазбасы желі оқырмандарының қызу талқысына түсіп, үлкен дау тудырды. Толассыз наразылық пікірлерден соң, танымал арудың өзі сыншыларына жауап беруді ұйғарды.

"Видеома қатысты кері пікірлер таусылар емес. Оның басты мәні үйден шықпай-ақ, жеңіл жолмен ақша табуды көрсету болған. Мүмкін бұл видеом біреу үшін жаман, жат дүние болып көрінген шығар. Алайда, бар жеткізгім келгені — ақша табу оп-оңай. Ал, бейнероликке келетін болсақ, мен сомдағаным ол — рөл, образ. Оны өзіңізге жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Қайталап айтамын, мен тек қана образда болдым. Одан артық жаман ойларға ерік берудің қажеті де, мәні де жоқ. Мен шығармашылық адамымын. Сол себепті түрлі рөлдер мен кейіпкерлерді сомдай білуім қажет. Әркез өзімді жаңа қырымнан танытқым келеді. Өз-өзімді дамыту үшін барымды салам. Бір орында тұрып қалу менің жоспарымда жоқ" , — деп айтты актриса.

Оған қоса, Әсел Асқар оқырмандарына видеодағы өзімен төсектес болған ер адамды сомдаған жігіт жайлы да айтып берді.

"Бір минуттық роликте менімен бірге менің сүйіктім түсті. Ол мені қолдады. Мен үшін ол өте маңызды. Ол бұл видеоны түсіруге қарсы болған жоқ. Бұл рөлдің жақсы да, жаман да жақтарын ескере кеттім. Маған қолдау білдіргендерге мың алғыс. Жақында өзімді ел күтпеген образдарда көрсетпекпін" , — деді ару.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Асқардың жезөкше кейпінде болған видеосы тарағаны жөнінде жазған болатынбыз.⠀

Добавить комментарий

Next Post

Досаев, Биртанов и Мырзахметов: каких министров и акимов наградил Назарбаев к 16-му декабря

Пт Дек 14 , 2018
Источник: nur.kz Нурсултан Назарбаев сегодня вручил государственные премии и награды в стенах Акорды – из рук президента медали и ордена получили акимы, министры, актеры, военные и другие выдающиеся граждане страны, пишет NUR.KZ. «Сегодня мы чествуем лучших из лучших — настоящих патриотов